2022 жылдың 27-28 қазан күндері 9-11 сыныптарға арналған мектепішілік олимпиада өткізілді.
Жалпы саны – 78 оқушы, 9 сыныптан – 41 оқушы, 10 сыныптан – 37оқушы, 11 сыныптан - оқушы қатысты. Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы, математика, физика, информатика, биология, химия, география пәндері бойынша мектепішілік олимпиада материалдары дайындалып, мектепішілік олимпиаданы өткізу туралы бұйрық шығарылып, жауапты мұғалімдер мен әділқазы алқалары тағайындалып, жоспар бойынша ұйымдастырылды. 2022 жылдың 08-09 қараша күндері 5-6 сыныптарға арналған мектепішілік олимпиада өткізілді. Жалпы саны – 78 оқушы, 5 сыныптан – 41 оқушы, 6 сыныптан – 37 оқушы қатысты.
Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы, математика, жаратылыстану пәндері бойынша мектепішілік олимпиада материалдары дайындалып, мектепішілік олимпиаданы өткізу туралы бұйрық шығарылып, жауапты мұғалімдер мен әділқазы алқалары тағайындалып, жоспар бойынша ұйымдастырылды. Қазір мектебімізде 5-6 сынып оқушылары мен 9-11 сынып оқушыларын қалалық олимпиадаға дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Оқушылар мен пән мұғалімдеріне сәттілік тілейміз!