КГУ "Общеобразовательная школа №26" отдела образования города Уральск управления образования акимата ЗКО"

"Жас мамандар" мектебінің апталығы қорытындыланды

20 қаңтар күні №26 мектепте "Жас мамандар" мектебінің апталығы қорытындыланды. Осы мектептің жетекшісі Ж.З.Кабдешеваның ұйымдастыруымен "Үздік жас маман" байқауы өткізілді. Байқау "Таныстыру", "Өнер", "Педагогикалық жағдаят" кезеңдерін қамтыды. Осы кезеңдерге жас мамандардың жоспарға сәйкес апта бойына өткізген ашық сабақтары мен сыныптан тыс шараларының қорытындысы қосылды.Байқаудың әр кезеңінде жас мамандар білім-білік дағдыларымен, шығармашылық қабілеттерімен, өнерлерімен, жаңа идеяларымен ерекшеленді. Байқауды бір апта бойына мұғалімдердің ашық сабақтары мен сыныптан тыс шараларына қатысқан әділ қазы мүшелері бағалады.(Төрайымы: мектеп директорының оқу әдістеме ісі жөніндегі орынбасары А.К. Набиева). Мектеп директоры Л.К.Кастуганова жас мамандарға алғыс айтып, жүлдегерлерді сыйлықтармен, марапат қағаздарымен, алғыс хаттармен марапаттады. Сайысқа қатысушыларды марапаттауға мектептің кәсіподақ ұйымы (Төрайымы: А.А.Бурбаева) демеушілік етті. Музыка пәнінің мұғалімі Э.Е.Мусагалиеваның өнерпаз бүлдіршіндері ән айтып, көрермендерге тамаша көңіл күй сыйлады.

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Орал қаласы білім беру бөлімінің "№26 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ

Қабылдау бөлмесі: +7 (7112) 53-71-98

Email: school26uralsk@mail.ru

Мекенжай: Орал қаласы, Есламғалиұлы көшесі, 15