КГУ "Общеобразовательная школа №26" отдела образования города Уральск управления образования акимата ЗКО"

"Мамандығым-мақтанышым" тақырыбында дөңгелек үстел

28.09.2022 күні №26 жалпы орта білім беретін мектебінің мәжіліс залында мектеп әкімшілігінің, жас мамандар мен тәлімгерлердің қатысуымен "Мамандығым-мақтанышым" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. “Жас маман” мектебінің жетекшісі Ж.З.Кабдешева өткен 2021-2022 оқу жылында жүргізілген жұмыстардың қорытындысы туралы айта келіп, 2022-2023 оқу жылына арналған "Жас маман"мектебінің жұмыс жоспарымен таныстырып өтті. Дөңгелек үстел барысында мектеп директоры Л. К.Кастуганова, директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары А.Қ.Набиева жас мамандармен, тәлімгерлермен ұстаздың кәсіптік қызметі, әдістемелік жұмыстары, кәсіптік тұлғасы жөнінде пікірлесіп, мұғалімдердің өзін-өзі үзбей жетілдіру қажеттілігі туралы ой қозғады. Еңбек тәртібі, өзін-өзі ұстау мәдениеті және қоғамдық жұмысқа белсене араласу, педагогикалық ортамен тығыз байланыс орнату мәселелері де назардан тыс қалмады. Мектебіміздің жас мамандары өздерін таныстыра отырып, ұстаздық мамандыққа қалай келгендері жөнінде әңгімелесе,тәлімгерлерлер өз тәжірибелеріндегі қызықты сәттермен бөлісті.

Бұл шара алдағы уақытта тәлімгер мен жас маманның бірлесе жұмыс істеуіне жол ашты деп есептейміз.

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Орал қаласы білім беру бөлімінің "№26 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ

Қабылдау бөлмесі: +7 (7112) 53-71-98

Email: school26uralsk@mail.ru

Мекенжай: Орал қаласы, Есламғалиұлы көшесі, 15