КГУ "Общеобразовательная школа №26" отдела образования города Уральск управления образования акимата ЗКО"

Озат тәжірибе апталығы

Орал қаласының 26 ЖОББМ-те 2022 жылдың 5 желтоқсан күні озат тәжірибе апталығы өтті. Апталық жұмысын ОТМ жетекшісі Г.Х.Сапиева ОТМ-ның жемісімен және бағыттарымен таныстырып, Д.Н. Избасарованың "Ынтымақтастық атмосферасы" психологиялық тренингімен ашылды. "Ізденген жетер мұратқа" іс-тәжірибе алмасу, тарату мақсатында А.У.Шиналиева мен Д.К.Айсина озат тәжірибе ұстаздарының жұмыстарынан көрме ұйымдастырды.
"Педагогтардың психологиялық жағдайын жақсартуға арналған арттерапия" тақырыбында Н.В Шеглова тренинг өткізді. Танымы мен тәлімі мол апталыққа ұстаздар ұжымы қызығушылықпен қатысуда. Апталықтың екінші күні 6 желтоқсанда "Сабақтағы қалыптастырушы бағалау" тақырыбында К .А.Прокопьева, В.И.Кузнецова мұғалімдермен коучинг жүргізді.

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Орал қаласы білім беру бөлімінің "№26 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ

Қабылдау бөлмесі: +7 (7112) 53-71-98

Email: school26uralsk@mail.ru

Мекенжай: Орал қаласы, Есламғалиұлы көшесі, 15