19 қаңтар күні "Жас маман" мектебінің апталығы аясында 9"а"сыныбында информатика пәнінен жас маман А. А. Қасымовтың ашық сабағы өтті. Тақырыбы: "Бір өлшемді массив". Сабақ жаңа форматта өтті. Бір сабақтың барысында оқушылар түрлі тапсырмалар орындады. Топтың арасында бірлескен жұмыс жүрді. Зерттеушілікке,ізденіске, шығармашылыққа бағытталған жұмыс түрлері ойластырылған. Мұғалім бағыт, нұсқау берсе, оқушылар соның бәрін тиянақты орындап отырды. Бағалау түрлері, рефлексия жүзеге асты.