КГУ "Общеобразовательная школа №26" отдела образования города Уральск управления образования акимата ЗКО"

Bookcrossing жобасы

«Буккроссинг» мектепте:

«Оқуға құштар иектеп» жобасын жүзеге асырудағы іс- шаралар жоспары бойынша  №26 ЖОББ мектептің бірінші қабатында  «Bookcrossing» кітап сөресі орналасқан. Оқушылар кітапты сөреге қойып және оның жаңа оқырмандары табылады. Сөремізден кез келген кітапты алып, ал оқыған соң оны өзінің достарына немесе таныстарына оқуға бере алады. Сондай-ақ балалар  өзінің оқыған кітаптарында буккроссингке қатысу үшін әкеле алады. Дегенмен, балалар жаңа қызықты шығармалар: тарихи романдар, өлеңдер жинағы немесе детективтер әкелу мүмкін. Буккроссинг адамдарды, балаларды оқуға және кітаптарға деген көзқарасын өзгертеді.  №26 ЖОББ мектеп «Буккроссинг» 2021жылдан бастап жұмыстанып отыр. Оқушыларға өте ұнайды, қызықты. Жыл сайын мектепте « Кітап сиыла»акциясы өткізіп тұрады.

Оның барысы: «Оқыдың ба – басқаға бер» қағидасына негізделген  қарапайым әрекеттерден тұрады. Адамдар, балалар өз кітаптарын кез келген ниет білдірушілерге олардың оқуына қалдырады. Барлық қалдырылған кітаптар тегін. Буккроссинг – бұл кітаптарға екінші өмір берудің және сонымен қатар, бірнеше ағаштың сақталу тәсілі

«Буккроссингтің» басты мақсаты: ол- үйімізде  жатқан немесе оқылған кітаптарға «екінші өмір сыйлау».

Буккроссингтің мақсаты:  Оқырмандар арасында «кітап алмастыру» акциясын жүргізу; әр түрлі жастағы оқырмандарды кітап оқуға шақыру;  кітапханаға оқырмандарды тарту; күнделікті өмірдегі әр оқырманның кітап оқу әрекетін танымал етуге өз үлесін қосу; әлемді үлкен кітапханаға айналдыру;

Оның барысы: « Оқыдың ба – басқаға бер» қағидасына негізделген  қарапайым әрекеттерден тұрады. Адамдар, балалар өз кітаптарын кез келген ниет білдірушілерге олардың оқуына қалдырады. Барлық қалдырылған кітаптар тегін. 

Буккроссинг – бұл кітаптарға екінші өмір берудің және сонымен қатар, бірнеше ағаштың сақталу тәсілі.

«Bookcrossing –тің » ережелері:

1. Өзіңіздің сүйікті немесе оқыған кітабыңызды сөреге қойып, достарымен бөлісіңіз.

2. Сізге ұнаған кез-келген кітапты еркін алып оқуыңызға болады. Ол үшін кітапты кітапхана арқылы тіркеудін қажеттігі жоқ.

3. Кітапқа мұқият қараңыз: жыртпаңыз, беттеріне жазу жазбаңыз, қажет болса мұқабамен қаптап, желімдеп қойыңыз.

4. Кітапты оқып болган соң досыңызға оқуға ұсыныс беріңіз немесе сөреге қайтадан апарып қойыңыз.

5. Сөреде сенің сүйікті кітабың болмаса, – оны өзін әкеліп қос. Сіздер басқа адамдарға оқуға ұсынғыңыз келген кітаптарды таңдау  үшін, үйлеріңіздегі кітапханаға жақындап әрбір сөрені қарайсыздар. Тандау жасалып болған соң, кітап «Қауіпсіз сөре» деп аталатын сөреге қойылады. Ол жерден сіз жаныңызға жақын кітапты таңдап  алуыңызға да болады. Ол кітапты оқып болған соң досыңызға оқуға беріңіз немесе «Қауіпсіз сөреге» қайтадан апарып қойыңыз. Өте маңызды:  Кітаптар кеңістікте саяхаттап жүреді, бір қолдан басқа  қолға түседі, демек, өмір сүруді жалғастырады.

 

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Орал қаласы білім беру бөлімінің "№26 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ

Қабылдау бөлмесі: +7 (7112) 53-71-98

Email: school26uralsk@mail.ru

Мекенжай: Орал қаласы, Есламғалиұлы көшесі, 15