14 наурыз - Көрісу күні. Адамдар бұл күні арасындағы бұрынғы өкпе-ренішін кешіріп, араздықты ұмытып, бір-біріне амандық-саулық тілейді. Көктемге аман-есен жеттік деп, дастархан жайып, үлкендерге сәлем беріп, құттықтап жатады. Бұл күнді Амал мерекесі деп те атайды. Осыған орай мектебімізде "Тұмар" әжелер клубымен әдеби-танымдық кеш өтті.
Шарамыздың мақсаты: келешек ұрпаққа көрісу туралы түсінік беріп, қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету.