Орал қалалық №26 ЖОББМ-нің оқушылары Ғұбайдолла Айнара, Қазиолла Нарқыз, Мухтарова Ясмина, Хайдар Алина (БҚО әкімдігі Білім басқармасының балалар-жасөспірімдер туризм және экология орталығының «Жайық жұлдызы» туристік-өлкетану үйірмесінің оқушылары) Халықаралық "Достық көпірі - Мостик дружбы" деп аталатын Ресей Федерациясы, Белоруссия, Қазақстан балалары арасында ұйымдастырылған шараға белсене қатысып, өз шеберліктерін көрсетті. Шеберлік-сынып қатысушылары орыс мәдени дәстүрі мен "Колокольчик" қуыршағының тарихы, жасалуымен танысты. Сондай-ақ, достықтың бірыңғай символы-амулетін құрауға мүмкіндік берді. Бұған дейін "Достық көпіріне" қатысушылар Белорус халқының, Қазақ халқының қуыршақтарын жасаған еді. Осындай жұмыс жобасын үйретуге үлесін қосып жүрген жетекшісі:Қайрлиева Құралай Жауынбайқызына алғысымызды айтамыз.