18 қаңтар күні "Жас маман" мектебінің апталығын 8"ә"сыныбында ағылшын тілі пәнінен өткен сыныптан тыс шара жалғастырды. Мұғалімі: С. С. Серіков. Тақырыбы: "What? Where? When?". Екі топқа бөлінген оқушылар пән бойынша білімдерін сынап, жарысқа түсті. Тақырыпқа қатысты бейнеролик көрсетілді. Сұрақтар қойылды. Интерактивті тақтаның көмегімен тапсырмалар орындалды. Оқушылар топта белсенді жұмыстанды.Жоба қорғады. Шара соңында топ жұмыстары ұпай сандары бойынша қорытындыланды.