Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Орал қаласы білім беру бөлімінің "№26 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ

Мектеп шәкірттерінің кодексі

Білім алушылардың  міндеттері

8.5.1. типтік  оқу  бағдарламасымен және  типтік оқу  жоспарының талаптарына сәйкес сапалы білім алу, практикалық дағдыларын жетілдіру, талаптары Жарғыда көрсетілген ішкі тәртіп ережесін сақтау;

8.5.2. білім  беру  бағдарламалары  мен оқу жоспарларыннда көзделген тапсырмалардың барлық  түрлерін белгіленген мерзімде  орындау;

8.5.3. өзін-өзі жетілдіру,  денсаулыққа мән  беру,  рухани  байлыққа  ұмытылу;

8.5.4. мектеп  дәстүрін және  педагог қызметкерлерін сыйлау;

8.5.5. жалпы адами  рухани құндылықты  сыйлау;

8.5.6. мектеп  мүлкіне  ұқыптылықпен  қарау;

8.5.7. оқу  үрдісінде  зайырлы  сипаттағы киім  үлгісін  сақтау;

8.6. оқушылардың міндеттерін  бұзғаны  үшін ішкі тәртіп  ережелерінде қарастырылған  шаралар қолданылады;

8.7. оқушыларды  қоғамдық,  қоғамдық –саяси ұйымдарына,  қозғалыстарға , партияларға кіруге  мәжбүрлеу және оларды осы ұйымдардың  қызметіне  тарту, үгіттеу жұмыстарына, саяси  әрекеттеріне тартуға жол берілмейді;

8.8. оқушылар төмендегі жағдайларда мектептің оқушылар құрамынан шығарылады;

8.8.1. ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші бойынша;

8.8.2. денсаулық жағдайына байланысты дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтама қорытындысы негізінде;

8.8.3. өзге  білім  беру ұйымына ауысқан жағдайда;

8.8.4. білім беру ұйымының жарғысын өрескел  және бірнеше рет бұзғаны үшін білім беру ұйымының алқалық  басқару органдарының шешімі бойынша;

8.8.5. Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген өзге де жағдайларда;

8.9. оқушының оқудан  шығарылуы  туралы  педагогикалық кеңесінің шешімі негізінде  мектеп басшысының бұйрығымен рәсімделеді.

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Орал қаласы білім беру бөлімінің "№26 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ

Қабылдау бөлмесі: +7 (7112) 53-71-98

Email: school26uralsk@mail.ru

Мекенжай: Орал қаласы, Есламғалиұлы көшесі, 15