2022 жылдың 25 тамыз күні №26 ЖОББМ-те «Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» республикалық тамыз кеңесі тақырыбы аясында жоспарлы семинар ұйымдастырылды. Семинар жұмысы төрт алаңда жүргізілді. 1-алаң-«Білім алушыларды қорытынды аттестаттауға дайындау жолдары» тақырыбында, жауапты ұстаздар: Кабдешева Ж.З.,Сакенова А.Н., Сериков С.С. 2-алаң-«Дарынды балалармен жұмыс» тақырыбында, жауапты ұстаздар: Клышев Е.Е., Авдеева Е.А., Щеглова Н.В. 3-алаң-«Білім алушыларды мамандық таңдауға баулу» тақырыбында, жауапты ұстаздар: Митрофанова Н.Н. , Пономоренко А.В., 4-алаң-«Мектепте инклюзивті білім беруді ұйымдастыру» тақырыбында, жауапты ұстаздар:Ганиева С.Б. Каймулдинова А.А. Немеч Н.В. іс-тәжірибе бөлісу жұмыстарын ұйымдастырды. Семинар жұмысы іс-тәжірибе алаңдарының жұмысын қорытындылаумен аяқталды. Мектеп директоры Л.К.Кастуганова мен ДОӘЖЖО А.К.Набиева барлық ұстаздар мен ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, семинар жұмысын жоғары бағалады.