03.11.22 күні №26 мектепте "Жас маман" мектебінің жетекшісі Ж.З.Кабдешеваның ұйымдастыруымен жас мамандар арасында дебат ашық ойын алаңы оздырылды.
Карл Поппер форматында өткен дебат барысында әр топтан үш спикерден сөз алды. Жақтаушы топ спикерлері: А.А.Атакулова, А. А.Уразгалиева, С.С.Серіков. Даттаушы топ спикерлері: Г. Б. Казбенова, А. А.Зеленёва, А.А.Қасымов. Екі топтың да қарарға дайындықтары, ізденістері жоғары болды.Өз позицияларын танытатын аргументтерін талапқа сай ұсына білді.Қызықты өткен пікірсайысты төрешілер әділ бағалап,ұпай көрсеткіштеріне сай орындар тағайындады. "Ең үздік спикер" аталымын информатика пәнінің мұғалімі А.А.Қасымов иеленді. Дебат соңында тәлімгерлер жас мамандарға тілектерін айтып, шағын сый-сияпаттарын табыстады. Музыка пәнінің мұғалімі Эльмира Елеуқызының орындауындағы ән-шашу пікірсайысқа қатысушылар мен көрермендерге тамаша көңіл күй сыйлады.