Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Орал қаласы білім беру бөлімінің "№26 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ

"Тәлімгерлер алаңы: жаңа идеялар мен тәжірибе бенефисі"

16 қаңтар күні "Жас мамандар" апталығының ашылу кезеңінің екінші бөлімінде педагог- зерттеуші Ж.З.Кабдешеваның ұйымдастыруымен "Тәлімгерлер алаңы: жаңа идеялар мен тәжірибе бенефисі" өтті. Бұл шарада әр тәлімгер жас мамандарға өз іс- тәжірибесінен бір жаңа идея ұсынып, нәтижеге жеткізер әдіс- тәсілдің үлгісін көрсетті.Тәлімгер Бақытханым Ермекқалиевна білім алушылардың арасында бірлік, ынтымақ орнатуға ықпал ететін "Сағат-дос" әдісін ұсынса, Данагүл Амангелдиевна оқушылардың шығармашылық әлеуетін арттыруға, жазылым дағдыларын дамытуға септігін тигізетін "Фанфик жазу" әдісі туралы жан-жақты ақпарат берді. Бастауыш сынып мұғалімі Дамира Наримановна, математика пәнінің мұғалімі Дариға Құттығалиевна оқытудың интерактивті әдісі "Learning Appsтің" мүмкіндіктеріне тоқталды. Тапсырма енгізу, модульдерді тиімді пайдалану жолдарын түсіндірді. Химия пәнінің мұғалімі Агиба Утепкалиевна жас мамандарға қызықты әдіс "Дөңгелекті фортунаның" көмегімен қол жеткізуге болатын деректерді жеткізді. Сабақты бекітуге, өткен сабақты қайталауға қатысты өз сабағында қолданған сәттерінің үлгілерін көрсетті. Математика пәнінің мұғалімі Клавдия Анатольевна "Проблемалық оқыту" технологиясы туралы баяндады. Бұл дидактикалық жүйені меңгеруге қатысты міндеттерге жете көз жеткізген тәлімгер кәсіби проблемалық ойлау идеясын да сөз етті. Физика пәнінің мұғалімі Жаңылсын Тасимкуловнаның ұсынған жаңа идеясы "Padlet" платформасының қызметімен байланысты болды. Бенефиске қатысушылар бұл онлайн тақтаны пайдалану арқылы кері байланыс жасау жолдарын үйренді.
Шараның соңында жас мамандар өз әсерлерімен бөлісіп, "Бес саусақ" әдісі арқылы рефлексия жасады.

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Орал қаласы білім беру бөлімінің "№26 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ

Қабылдау бөлмесі: +7 (7112) 53-71-98

Email: school26uralsk@mail.ru

Мекенжай: Орал қаласы, Есламғалиұлы көшесі, 15