Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Орал қаласы білім беру бөлімінің "№26 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ

Медициналық қызмет

Мектеп медицинасы – бұл білім беру ұйымдарындағы мектеп және мектеп жасына дейінгі балаларға медициналық көмекті ұйымдастыратын медицинаның бір саласы. Яғни, балалардың денсаулығын қорғау және нығайту бойынша көрсетілетін медициналық қызметтер, аурулардың алдын алу және олардың денсаулық жағдайын динамикалық бақылау шаралары қамтылады.

Мектеп медицинасында: профилактикалық медициналық тексеру; оқу кезеңіндегі және каникул уақытындағы сауықтыру; аурулардың алдын алу, салауатты өмір салтын ұстану және дұрыс тамақтану, репродуктивті денсаулықты сақтау; психикалық денсаулықты қорғау, темекі шегуден, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан, құмар ойындарға емделуден туындаған суицидтік мінез-құлық пен тәуелділіктің алдын алу; профилактикалық тексеру-қараулардың нәтижелері бойынша оқушыларды тереңдетілген медициналық тексерулерге жіберу; Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес вакцинация жасау; жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін шұғыл болған жағдайларда алғашқы көмек көрсету, аурулардың алдын алу бойынша оқыту іс-шараларын өткізу; балалардың денсаулығын қорғауға ата-аналар мен педагогтарды тарту; санитарлық ережелердің талаптарын сақтау шаралары жүргізіледі.

Профилактикалық тексерулер Мектеп жасындағы балалар арасында профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізу тиісті Қағидаларда жазылған белгілі бір кезеңділікпен жүргізіледі. Ол үшін емхананың бейінді мамандары мектепке барып, онда балаларды кәсіби тексеруден өткізеді.

Шұғыл көмек Медициналық пунктте өткір және созылмалы аурулар, жарақаттар кезінде шұғыл көмек алуға болады. Айта кетейік, баланың өмірі мен денсаулығына қатер төнген жағдайда дереу шұғыл шаралар жасалу қажеттігін ескере отырып, шұғыл медициналық көмек ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің келісімінсіз көрсетілуі мүмкін екенін түсінген абзал. Мектеп медицинасы – өте өзекті және пайдалы жоба. Білім беру нысандарына мемлекеттік емханалар да, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін жеке медициналық ұйымдар да қызмет көрсете алады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры да мектептердегі медициналық пункттер арқылы балалардың оқу жылы аясында медицина қызметкерлерінің бақылауында болуына және уақытылы медициналық көмек алуына қолдау көрсетеді.

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Орал қаласы білім беру бөлімінің "№26 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ

Қабылдау бөлмесі: +7 (7112) 53-71-98

Email: school26uralsk@mail.ru

Мекенжай: Орал қаласы, Есламғалиұлы көшесі, 15