"Отан отбасынан басталады" - деп халқымыз айтқандай, Отан мен отбасы кең мағыналы, қасиетті ұғымдар. Ұлтымызда "Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің" деген дана сөз бар. Әр отбасында ата-ананың орны бөлек. Бала әкеден - ақыл, анадан - мейірім алады. Ана отбасына береке әкеліп, жанұясын бақытқа бөлейді. Осыған орай тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес 2022 жылдың 29 қаңтар күні "Қыз еркем, анасымен көркем" атты 5-сынып оқушы қыздары мен аналарына Талгатова Гүлжазираның анасы Надежда Тулепкалиевна галстук-брошь жасау жолдарын көрсетіп, шеберлік сағатын өткізген болатын. Бұл шара ана мен қыз баланың және мектептің арасындағы қарым-қатынасты жандандыру мақсатында жүзеге асырылып отыр.