1 наурыз-Алғыс айту күні! Жақсы сөз айту, жақсылық жасау – әрбір адамның міндеті. Әрине, жылдың әр күні сыпайы болуға тырысуымыз керек. Алайда, көп жағдайда алғыс айтуды ұмытып, немесе оған ерекше көңіл бөлмейміз. Алғыс сөздерінде бір сиқырлық бар - олар арқылы біздер бір - бірімізге ризашылығымызды көрсетеміз, көңілімізді білдіреміз, жақсы эмоциялар сыйлаймыз. Ғалымдардың айтуы бойынша, рахмет сөзін айту - адамдар арасында жақсы қатынас орнатады. Алғыс сөздері - адамды тыныштандыру, жүрегін жылытудың бірден - бір амалы. Бастысы, алғысыңыз жүректен шығуы шарт. Мектеп ұжымы Наурыз айының 1 күні дәстүрлі түрде мектептің кіші қызметкерлеріне алғыс айтып келеді. Жұмысын тиянақты, адал, жауапкершілікпен атқарып келе жатқан қызметкерлер алғыс хаттармен марапатталды.