Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Орал қаласы білім беру бөлімінің "№26 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ

"Наурыз аруы-2022" байқауы өтті

11.03.22ж күні мектебімізде "Наурыз аруы-2022" байқауы өтті. Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт - дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тірбиелеу.
Байқауға 5-7 сыныптар арасынан 12 ару бақ сынап, өз өнерлерін көрсетті.
Байқау 4 кезеңнен тұрды.
1. Сәлем-сөздің атасы.
2. Өнерлі-өрге жүзер.
3. Қазақ халқының салт-дәстүрлері.
4. Тағам дайындаудан үй тапсырмасы.
Аталған 4 кезең бойынша ару қыздар өз шеберліктерін көрсетті.
Бағалау критерийлері бойынша үздік деп танылған ару қыздарымыз Бас жүлде, I,II,III орындарды иеленіп, қалған қатысқан қыздар номинациялармен марапатталды. ⚘Ұйымдастырушылар тарапынан ару қыздарға сыйлықтар табысталды.

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Орал қаласы білім беру бөлімінің "№26 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ

Қабылдау бөлмесі: +7 (7112) 53-71-98

Email: school26uralsk@mail.ru

Мекенжай: Орал қаласы, Есламғалиұлы көшесі, 15