Қайырымдылық жасасаң,
Қайырын өзің көресің, — дейді қазақ xалқы. Қайырымдылық-адамзат бойындағы ерекше бір қасиет болып саналады. Қайырымдылық ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі.
Бүгін қаламыздағы "28 петель" еріктілер клубымен кездесу кеші өтті. Клуб шала туылған нәрестелерге арнап киім тоқиды. Тоқылған киімдер жиналып, перинаталдық орталыққа тапсырылады. Бүгінгі кешке мектебіміздің "Аналар" клубы, "Әжелер" клубы, кураторлар, жоғарғы сынып қыздары қатысты. Бұл кездесудің мақсаты: Оқушыларға қайырымдылық туралы түсінік беру, олардың бойында жанашырлық, қайырымдылық, қамқорлық сезімдерін дамыту.
"28 петель" клуб координаторы Айгуль ханым еріктілер клубының мақсат-міндеттерін айтып, барша жиналған аналарымызға шеберлік сағат көрсетті. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сабина Серікқызы келген қонақтарға алғысын білдіріп, бұл қайырымдылық шарасы жалғасын тауып, балаларға киімдерді тоқып болған соң мектеп атынан табысталатынын айтты.