Қыз − өмірдің гүлі, барлық адамзаттың қадірлеп, аялайтын асыл аруы десек те артық емес. Қыз баланы қазақта кішкентайынан мәпелеп, аялап, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай өсірген.
???17.03.22ж күні қалалық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен "Көктем аруы-2022" байқауы өтті.
Байқау 4 кезеңнен тұрды:
1. "Мен қазақтың қызымын" таныстыру;
2. "Шеберлік сыңға жеткізер" қолөнер бұйымдарынан көрме;
3. "Өнерлі өрге жүзер" өз өнерін көрсету;
4. "Ақылына көркі сай" қазақтың салт-дәстүріне байланысты сұрақ-жауап.
4 кезеңнен өзін сүрінбей өтіп,
бағалау критерийлеріне сай болып, тіл көркемдігі, сөз саптауы, сырт сымбатынан көзге түсіп жүлделі I орын иеленген 8 "А" сынып оқушы Бекбулат Әсемгүлді құттықтаймыз! Жарайсың!???

