2022 жылдың,21 сәуір күні №26 ЖОББМ-де Орал қалалық кітапханалар жүйесінің №7 кітапхана-филиалы 8 «а», 10 «а» сынып оқушыларымен мектептің мәжіліс залында «Оқитын ұлт» жобасы аясында ҚР Мемлекеттік сыйлықтың иегері, М.Шолохов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты, Ресей педагогика және әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, жазушы Сәбит Досановтың өмірбаяны мен шығармаларын таныстыру мақсатында «Қазақ әдебиетінің кемеңгері» атты әдеби сағат өткізді.