Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Орал қаласы білім беру бөлімінің "№26 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ

Мектеп түлектеріне аттестат табыстау салтанатты жиыны өтті

Бүгін алтын ұя мектебінен ұшқалы отырған мектеп түлектеріне аттестат табыстау салтанатты жиыны өтті. Мектеп директоры Кастуганова Ляззат Курманбековна түлектерді құттықтап, қолдарына аттестаттарын табыстады. "Алтын белгі" иегері Абилкасимова Аяулым мен "Үздік" аттестат иегері Маратұлы Самат және биылғы мектеп түлектерін мақтанышпен атап айтқымыз келеді. Түлектерінің ата-аналары да алғыс хатпен марапатталды. Пән мұғалімдері шәкірттерін құттықтап, ән арнап, түлектерге сәт сапар тілеп, естелікке сыйлықтар табыстады.
Түлектер тарапынан мектеп әкімшілігіне, ұстаздарына арнап алғыстар мен жылы лебіздер айтылды.

Сәт сапар, жас түлек!

Қиындықтар мойытпасын сендерді,
Батылдық пен асыңдар сан белдерді.
Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,
Жақсы іспен қуантыңдар енді елді
Қыран болып ұшыңыз,
Оқуларға түсіңіз.
Еңбекте көп қуаныш
Елде талай туар іс.
Кемелденген маман боп,
Келіңіздер аман боп.
Мерейлі боп күніңіз
Мектепке кеп тұрыңыз.
Сағынамыз күн сайын,
Кездесейік жыл сайын.
Сіздерге жалын жүрекпен
Айтамыз достық тілекпен.
Әрқашан сәтті жол болсын
Сапарларыңыз оң болсын!

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Орал қаласы білім беру бөлімінің "№26 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ

Қабылдау бөлмесі: +7 (7112) 53-71-98

Email: school26uralsk@mail.ru

Мекенжай: Орал қаласы, Есламғалиұлы көшесі, 15