2022 жылдың 7 желтоқсан күні ОТМ апталығы шеңберінде 26 ЖОББМ-те озат тәжірибе мектебінің мүшесі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Б.Е. Акбалина ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай 10, 11-сынып оқушыларымен "Ахмет әлемі" атты әдеби кеш өткізді. Шарада оқушылар ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып, көрініс қойды. "Білгірлер" сайысында оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өз ойларымен бөлісті. Шараға белсенді қатысқан ұстаздар мен оқушыларға алғыс білдіреміз!