Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Орал қаласы білім беру бөлімінің "№26 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ

"Жайықтың ақ шағаласы" тақырыбында 8-ә сынып оқушыларының қатысуымен әдеби-танымдық кеш

2023 жылдың 17 қаңтарында №26 жалпы орта білім беретін мектебінде "Жас мамандар" апталығының жоспарына сәйкес "Жайықтың ақ шағаласы" тақырыбында 8-ә сынып оқушыларының қатысуымен әдеби-танымдық кеш өтті. Алдымен, жас мамандар Н.И. Калиахметова, А. Б. Берікова жерлес ақынымыз Ақұштап Бақтыгерееваның өмір жолдарына шолу жасады.
Оқушылар кезектесе шығып ақынның азаматтық, ана, махаббат, туған жер тақырыбындағы өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Поэзия кеші күмбірлеген күймен, әсем әнмен әрленді.
Оқушылар ақын шығармашылығына қатысты қойылған интеллектуалдық сұрақтарға белсенді қатысты.
Мектеп кітапханашысы Гүлмира Жоламановнаның "Әдеби Ақжайық" тақырыбында жасақтаған көрмесінің де қатысушылар үшін мазмұны бай, тағылымы терең болды. Ол оқушыларға түсінікті етіп баяндап, таныстырып шықты.
Балалар Ақұштап Бақтыгереева, оның шығармашылығы туралы айтылған өзге ақын-жазушылардың да пікірлерін ерекше зейін қойып тыңдады.
Шара соңында мектеп директорының оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары А.К. Набиева, оқу ісінің меңгерушісі А.А. Абдешева, "Жас мамандар" мектебінің жетекшісі Ж.З. Кабдешева сөз алып, ұйымдастырушы жас мамандарға, оқушыларға алғыс білдірді.

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Орал қаласы білім беру бөлімінің "№26 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ

Қабылдау бөлмесі: +7 (7112) 53-71-98

Email: school26uralsk@mail.ru

Мекенжай: Орал қаласы, Есламғалиұлы көшесі, 15