Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Орал қаласы білім беру бөлімінің "№26 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ

1) 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама ;.

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);

10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы;

Құжатты жүктеу

Өтініш

Бос немесе уақытша бос педагог лауазымына үміткердің бағалау парағы

Көрсетілетін қызметті алушының шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі

 

 

Білім алушылардың  міндеттері

8.5.1. типтік  оқу  бағдарламасымен және  типтік оқу  жоспарының талаптарына сәйкес сапалы білім алу, практикалық дағдыларын жетілдіру, талаптары Жарғыда көрсетілген ішкі тәртіп ережесін сақтау;

8.5.2. білім  беру  бағдарламалары  мен оқу жоспарларыннда көзделген тапсырмалардың барлық  түрлерін белгіленген мерзімде  орындау;

8.5.3. өзін-өзі жетілдіру,  денсаулыққа мән  беру,  рухани  байлыққа  ұмытылу;

8.5.4. мектеп  дәстүрін және  педагог қызметкерлерін сыйлау;

8.5.5. жалпы адами  рухани құндылықты  сыйлау;

8.5.6. мектеп  мүлкіне  ұқыптылықпен  қарау;

8.5.7. оқу  үрдісінде  зайырлы  сипаттағы киім  үлгісін  сақтау;

8.6. оқушылардың міндеттерін  бұзғаны  үшін ішкі тәртіп  ережелерінде қарастырылған  шаралар қолданылады;

8.7. оқушыларды  қоғамдық,  қоғамдық –саяси ұйымдарына,  қозғалыстарға , партияларға кіруге  мәжбүрлеу және оларды осы ұйымдардың  қызметіне  тарту, үгіттеу жұмыстарына, саяси  әрекеттеріне тартуға жол берілмейді;

8.8. оқушылар төмендегі жағдайларда мектептің оқушылар құрамынан шығарылады;

8.8.1. ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші бойынша;

8.8.2. денсаулық жағдайына байланысты дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтама қорытындысы негізінде;

8.8.3. өзге  білім  беру ұйымына ауысқан жағдайда;

8.8.4. білім беру ұйымының жарғысын өрескел  және бірнеше рет бұзғаны үшін білім беру ұйымының алқалық  басқару органдарының шешімі бойынша;

8.8.5. Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген өзге де жағдайларда;

8.9. оқушының оқудан  шығарылуы  туралы  педагогикалық кеңесінің шешімі негізінде  мектеп басшысының бұйрығымен рәсімделеді.

Қорытынды  аттестаттауға  дайындалудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолайлы формада жеткізу, оқушылардың өзін - өзі анықтай алуына, психологиялық жағынан көмек беру, жасөспірімдердің  болашақта тұлғалық дамуына жол ашу мақсатында  әңгімелесу сағаты өткізілді.

 

Жасөспірімдерде құрбыларымен тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру, коммуникативтік құзыреттілікті арттыру мақсатында  "Қарама қайшылықтың алдын алу түрлері" тақырыбында тренинг оздырылды.

 

Оқушылардың арасындағы жағымды қарым – қатынас орнату, бір – бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету, коммуникативтілікті дамыту мақсатында  бастауыш сынып тарға "Дос  болайық" тақырыбында  тренинг сабақ  жүргізілді.

Мектеп мұғалімдерінің психологиялық саулығын сақтау, тұлғаның бойында жағымды  психологиялық күйдің болуын қалыптастыру  мақсатында  психологиялық кеңес  жүргізілді

Мектеп медицинасы – бұл білім беру ұйымдарындағы мектеп және мектеп жасына дейінгі балаларға медициналық көмекті ұйымдастыратын медицинаның бір саласы. Яғни, балалардың денсаулығын қорғау және нығайту бойынша көрсетілетін медициналық қызметтер, аурулардың алдын алу және олардың денсаулық жағдайын динамикалық бақылау шаралары қамтылады.

Мектеп медицинасында: профилактикалық медициналық тексеру; оқу кезеңіндегі және каникул уақытындағы сауықтыру; аурулардың алдын алу, салауатты өмір салтын ұстану және дұрыс тамақтану, репродуктивті денсаулықты сақтау; психикалық денсаулықты қорғау, темекі шегуден, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан, құмар ойындарға емделуден туындаған суицидтік мінез-құлық пен тәуелділіктің алдын алу; профилактикалық тексеру-қараулардың нәтижелері бойынша оқушыларды тереңдетілген медициналық тексерулерге жіберу; Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес вакцинация жасау; жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін шұғыл болған жағдайларда алғашқы көмек көрсету, аурулардың алдын алу бойынша оқыту іс-шараларын өткізу; балалардың денсаулығын қорғауға ата-аналар мен педагогтарды тарту; санитарлық ережелердің талаптарын сақтау шаралары жүргізіледі.

Профилактикалық тексерулер Мектеп жасындағы балалар арасында профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізу тиісті Қағидаларда жазылған белгілі бір кезеңділікпен жүргізіледі. Ол үшін емхананың бейінді мамандары мектепке барып, онда балаларды кәсіби тексеруден өткізеді.

Шұғыл көмек Медициналық пунктте өткір және созылмалы аурулар, жарақаттар кезінде шұғыл көмек алуға болады. Айта кетейік, баланың өмірі мен денсаулығына қатер төнген жағдайда дереу шұғыл шаралар жасалу қажеттігін ескере отырып, шұғыл медициналық көмек ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің келісімінсіз көрсетілуі мүмкін екенін түсінген абзал. Мектеп медицинасы – өте өзекті және пайдалы жоба. Білім беру нысандарына мемлекеттік емханалар да, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін жеке медициналық ұйымдар да қызмет көрсете алады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры да мектептердегі медициналық пункттер арқылы балалардың оқу жылы аясында медицина қызметкерлерінің бақылауында болуына және уақытылы медициналық көмек алуына қолдау көрсетеді.

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Орал қаласы білім беру бөлімінің "№26 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ

Қабылдау бөлмесі: +7 (7112) 53-71-98

Email: school26uralsk@mail.ru

Мекенжай: Орал қаласы, Есламғалиұлы көшесі, 15